Компания туралы. Біздің кәсібіміз - шетелде оқыту.
Біздің сайтымыз оқығанды жақсы көретіндерге, оқығысы келетіндерге арналған.
СТ Консалтинг - Ресейдің компаниясы, оның негізін шет тілдерін мүлтіксіз меңгерген және шетелдік серіктестермен жұмыс істеуде мол тәжірибе жинақтаған қызметкерлер құрайды. Біз тіл үйренгісі келетін және/немесе шет елдерде білім алуды қалайтын адамдар үшін білім беру бағдарламаларын іріктеп, ұйымдастыруды мақсат тұтамыз.
Біз шет тілін кез келген деңгейде меңгерген өз клиенттеріміздің Тіл үйрену бөліміне назар аударуына кеңес береміз. Төменде келтірілген кез келген білім беру бағдарламасы аталған пәнді оқыту жүзеге асырылатын тілді жетік білуді талап етеді.
Орта білім және Жоғары/Бизнес-білім бөлімдерінен біздің серіктестеріміз - әлемнің әртүрлі елдерінде әртүрлі жастағы оқушыларды даярлауда орасан зор тәжірибе жинақтаған оқу орындары туралы ақпаратты таба аласыз.
Каникул кезінде балаңыздың немен айналысатынын Сіз білмейсіз әрине. Соған орай біз балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне, спортпен айналысуына, шет тілін білу деңгейін жетілдіруіне мүмкіндік бере алатын оқу орындарында көрсетілетін қызметтерді ұсынып отырмыз.
Сондай-ақ біз кәсіби спортшыларға немесе өз өмірін спортқа арнауды ұйғарған адамдарға да көмек көрсетуге әзірміз. Спорт бөлімінен теннис, гольф, футбол және спорттың басқа да түрлерін оқытатын оқу орындары туралы қызықты ақпаратты таба аласыздар.
Біздің мамандарымыздың тәжірибесі ұсынылған бағдарлама бойынша да, олардың бағасы бойынша да Сіздің дұрыс таңдау жасауыңызға және өзіңізге неғұрлым қолайлы оқу орнын табуыңызға мүмкіндік береді.
Жалпы, оқу жайын ғана ұсынып, Демалыс туралы ойламағанымыз дұрыс болмас еді. Бұл бөлімнен Сіз демалысты ойдағыдай өткізудің қызықты нұсқаларын таба аласыз.
- Компания туралы
- Тіл үйрену:
- Орта білім
- Каникул!
- Жоғары/Бизнес-білім
- Спорт
- Демалыс
|